• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Астана - Орал бағытында қатынайтын «Тальго» пойыздарында әйелдерге арналған вагондар іске қосылады

Жаңашылдық екінші қыркүйектен бастап енгізіледі.
Астана - Орал бағытында қатынайтын «Тальго» пойыздарында әйелдерге арналған вагондар іске қосылады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Екінші қыркүйектен бастап елорда мен Оралды жалғайтын №81/82 тальго пойызында әйелдерге арналған вагондар қызмет көрсетеді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Компания өкілдері әйелдерге арналған вагондарға деген сұраныстың көптігінен осындай шешім қабылданғанын тілге тиек етті.

Қыз-келіншектерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат бар.Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге әйелдер вагонын таңдағаныңызды хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады.

- Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес, билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады "Жолаушыларды тасымалдау" АҚ баспасөз қызметі.

Жүздек пойыз Астана мен Орал арасын жалғайды. Ол күнара жолға шығады. Пойыз тоғыз аялдамаға тоқтайды.

  • "Нұрлы жол" вокзалынан - жұп күндері сағат 23:55-те жөнеледі;
  •  Орал станциясына - жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
  • Орал станциясынан - жұп күндері сағат 09:55-те жөнеледі;
  • "Нұрлы жол" вокзалына - тақ күндері сағат 15:04-те келеді.

Елорда мен Орал арасын жалғайтын пойызда әйелдер вагоны іске қосылса, елімізде мұндай пойыздардың саны 13-ке жетпек.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Орал қаласынан қатынайтын тек Орал-Маңғыстау бағытында қатынайтын пойызда ғана әйелдерге арналған вагон бар болды. 

Главный баннер --> after article