Ақтөбеде субұрқақтар маусымы ашылады
24 мамырда Ақтөбеде музыкалық субұрқақ іске қосылады.

Ақтөбе қаласында 24 мамырда орталық саябақта орналасқан тоғанда музыкалық субұрқақ ашылмақ. Бұл туралы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Кешкі тоғызда лазерлік және отты шоу бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл субұрқақ маусым бойы әдеттегі режимде, кешкілік уақытта жарықпен безендіріліп жұмыс істейді. Әкімдік қызметкерлері сенбі, жексенбі мен мереке күндері кешке музыкамен сүйемелденген лазерлік және отты шоулар қосылады.
Замануи субұрқақ өткен жылдың тамыз айында облыс орталығында іске қосылған еді. Биыл Ақтөбе қаласында 18 субұрқақ жұмыс істейді.