Қазақстанда Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарды. Жаңа монета «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген атауға ие. Ол «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан жарық көрді. Ділдә алтын жалату технологиямен жасалған. Оның салмағы 31,1 грамм, өлшемі 35х45 мм, дайындау сапасы — proof, номиналы — 1000 теңге, таралымы — 1000 дана.
Коллекциялық монетаны Ұлттық банктың интернет дүкенінен https://kazcoins.nationalbank.kz сатып алуға болады.