Атырауда бекіре балық өсіру зауыты заңсыз уылдырық сатып алмақ болып, тендер жариялаған. Келісім құны 147,4 миллион теңгені құрапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.
Зауытқа бекіре тұқымдас балықтарының уылдырығын сатып алуына заңмен тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан кәсіпорын заңды тұлғалардан нарықтық бағада уылдырық сатып алмақ болыпты.
Прокурорлар мемлекеттік сатып алудың күшін жойыпты. Осының арқасында 147 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді.