Атырауда бір отбасыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің соты басталды. Оған қайын атасы мен енесін және бұрынғы келіншегінің екі бауырын өлтірді деген айып тағылды. Сәрсемалиев адам өлтіру қылмысынан бөлек, оған ұрлық және алаяқтық фактісі бойынша күдікті деп танылған. Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралып жатыр.

Алғашқы процесте Сұлтан Сәрсемалиев тағылған айыпты толығымен мойындады. Ол қылмыстық іс жан-жақты ашылды деп ойлаймын деді.Сәрсемалиев оған берілетін кез-келген жазадан жалтармаймын. «Өлім жазасына да, өмір бойы түрме жазасына да дайынмын», деді.

Күдікті бұл қылмысқа не себепті барғанын да айтып берді. Ол өзіме отбасымнан ажыратуға жасалған қастандықтарына қасақа қастандықпен жауап бердім деп айтты.

Ол бұрынғы зайыбы Ақбаянның ата-анасымен алғашқы реніш 2024 жылы болғанын айтты. Сол жылы Ақбаян бесінші перзентіне аяғы ауыр болыпты. Жүктілік кезінде келіншектің өкпесі ауырып, оған ота жасайды. Сол кезден бастап Ақбаянда психологиялық ауытқу пайда болған. Сұлтан келіншегімен балаларын алып, бөлек пәтер жалдап тұрған. Бірақ Ақбаянның жағдайы жақсармаған. Сол кезде оны Түркияға апарып емдетіп көрген. Бірақ одан нәтиже шықпапты. Сөйтіп, Сұлтан отбасын ата-анасы тұратын үйге алып келген. Сол кезде Ақбаянның бауыры марқұм Наурыз келіп, қарындасы мен жиендерін алып кетемін деп келген. Алғашқы кикілжің осы оқиғадан басталыпты.

Алғашқы сот отырысында мемлекеттік айыпталушы Мирас Бауыржанов Сәрсемалиевтің қалай қылмысқа барғанын жіпке тізді.

Судья Зәрема Хамидуллина келесі сот отырысын 28 мамырға сағат онға тайындады. Ол күдіктінің бұлтартпау шарасын өзгертпеді.