Жазғы каникул жақындаған сайын балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі туындайды. Атқамінерлер жаз шықпай, лагерьлердің жұмысын пысықтауға кірісті.
Маңғыстау облысы әкімі білім беру мекемелерінің дайындығын тексерді. Биыл өңірде 160 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланыпты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Сол үшін аймақта 245 сауықтыру орны жұмыс істемек.
- Балалардың бос уақыты сауықтыру, еңбек, танымдық, шығармашылық, спорттық және туристік бағыттар бойынша ұйымдастырылады, -деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында 110 мың бала жазғы демалыспен қамтылмақ. Ал, Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам оқушы жазғы лагерьде демалады деп жоспарлануда. Аймақта жеті қала сыртында орналасқан лагерь және 49 жазғы алаң жұмыс істейді деп күтілуде.