Биыл Қазақстанға вейп әкелудің 16 фактісі тіркелген
Қазіргі таңда вейп әкелгендер қылмысы бойынша 9 іс сотқа жолданыпты.

Қазақстанда өткен жылдан бастап вейптерді саудалау мен оларды сату, ел аумағына әкелу қылмыстық жауапкершілік деп танылды. Бас прокуратураның келтірген дерегіне сүйенсек, биыл елге 16 электронды тұтыну жүйелерін әкелген дерек тіркелген. Оның тоғызы сотқа жолданыпты. Прокурорлар қалған іс тергеп-тексеріліп жатырғанын айтады. 24 жастағы қазақстандық елге бес вейп әкелгені үшін бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын арқалапты.
Істі болғандардың дені әуежай мен вокзалдарда, кеден аймағында вейп әкелуді үшін жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат жоқ екенін анықталған.
— Осыған байланысты бас прокуратураның тапсырмасы бойынша көлік прокурорлары әуежайларда, вокзалдарда және кеден бекеттерінде ауқымды түсіндіру акцияларын жүргізді: баннерлер мен бейнероликтер орналастырылып, вейптерді өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшіктерді орнатты. Ақпараттық науқан басталғаннан кейін, азаматтар мен туристер арасында вейптерді әкелу бойынша жаңа қылмыстық істер тіркелмеген, - делінген бас прокуратураның хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, ел аумағына вейптерді санына қарамастан әкелу қылмыстық құқық бұзушылық болып танылады. Заң бұзғандар қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза арқалайды.