• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да мектепке дайындық: 50 мың теңгелік көмекті кімдер ала алады?

Биыл «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қоры арқылы БҚО-да 8550 оқушы көмекпен қамтылады.
БҚО-да мектепке дайындық: 50 мың теңгелік көмекті кімдер ала алады?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар тамызда бауыр еті баласын мектепке киіндіріп, оқу-құралдарын түгендеп, шапқылайды. Мектеп формасы мен оқуға қажетті құралдардың бағасы да шарықтайтыны бесенеден белгілі. Шарықтаған баға қалтаға біраз салмақ салады.

Елімізде әлеуметтік осал топтарында тәрбиеленетін, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы көмек көрсетіледі.Оларға «Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры» ақшалай жәрдемдеспек. Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, биыл осы көмекті 8550 оқушы алады. Ол үшін қазынадан 434,8 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Главный баннер

— Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты қалыптастырылуын, бағытталуын және бөлінуін білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қаржылай көмекті кімдер ала алады?

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
  • Отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар;
  • Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын жандар көмек алуға иек арта алады.

Қаржылық көмекке алу үшін мектепке мына құжаттарды тапсыру керек?

  1. Өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАТ АЖ) мәліметтер болмаған немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда, баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
  4. Некені тіркеу немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАТ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
  5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу, патронаттық тәрбиеге және қабылдаушы отбасыға беру туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмесі;
  6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 «Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеу қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзалалар, апаттар себептерін тергеу актісі.

7. Осы Қағидалардың 1-тармағының бесінші тармақшасында көрсетілген адамдар санаты отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен айқындалады.

Биыл құжаттарды 1 тамыз бен 30 қыркүйекке дейін қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі биыл «Жалпы бірдей міндетті білім беру» қоры арқылы 450 мың өренге жәрдемсетінін мәлімдеді. Бұл үшін қазынадан 23 миллиард теңге бөлініпті.

Главный баннер --> after article