Ит пен мысық шабуылы көбейді: БҚО-да 2000 адам астам дәрігердің көмегіне жүгінген
Жануарлардан зәбір көрген жандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 120 жағдайға көбейіпті.
Батыс Қазақстан облысында 2266 адамды жануарлар қауып, тістеп, тырнаған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл жануарлардан зәбір көрген жандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 120 адамға көбейіпті. 2024 жылы 2146 жағдай тіркелген.
Сала мамандары жануарлар тістеп, қапса зардап шеккен адам құтырма ауруына шалдығуы мүмкін екенін ескертеді.Құтырма індеті- жануарлардан адамға жұғатын өте қауіпті вирустық ауру. Ауру көбіне ит, мысық, түлкі, қасқыр сияқты жануарлардың сілекейі арқылы, яғни тістегенде немесе жараға сілекей түскенде жұғады.
— Жарақат алғандар ішінде итттер арқылы - 1548, мысық-616, басқалар- 102. Облыста адамдар арасында құтырма ауруы және өлім жағдайы тіркелмеді,— деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Адам құтырма дертіне шалдықса, оған қарсы төтеп беретін ем жоқ. Бірақ бұл сырқаттың алдын алуға болады. Ол үшін мына ережелері сақтаған абзал.
- Ит пен мысықтарды уақтылы құтыруға қарсы егізіңіз;
- Бөгде және жабайы жануарлармен байланыспаңыз;
- Ит немесе мысық тістесе — жараны сабынды сумен жақсылап жуыңыз және дәрігерге бірден барыңыз;
- Дәрігер құтыруға қарсы вакцинация курсын (0, 3, 7, 14, 30 күндері) белгілейді.