4 часа назад

БҚО-да «Келешек мектебі» пайдалануға берілді

Бұған дейін Казталов ауданына қарасты Қоныс ауылында 60 орындық мектеп ашылған еді.

БҚО-да «Келешек мектебі» пайдалануға берілді
БҚО білім басқармасының фотосы

2025-2026 оқу жылында Батыс Қазақстан облысында салынған жаңа мектеп ғимараттары пайдалануға берілді. Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылының тұрғындары үшін Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 

Облыстық білім басқармасының хабарлауы бойынша бұл жоба мемлекет басшысының апатты және үш аусымды мектептерді азайту тапсырмасы аясында іске асқанын хабарлады. Оқу ордасы 600 балаға арналған. Ғимарат замануи білім беру талаптарына толықтай сай екен. Мектепте STEM, роботехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері бар. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық және инклюзивті кабинеттер жасақталыпты. Баланың жан-жақты дамуы үшін оқу бөлмелері мен спорт және акт залы бар.

Байқоныс ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері қазақ мектебіне жаңа ғимарат салуды сұраған еді. Білім ошағының құрылысы бірнеше жыл бұрын басталған еді. Байқоныс ауылының тұрғындарын аймақ басшысы құттықтап, жобаның маңызына тоқталды. 

Батыс Қазақстан облысында Байқоныс ауылынан бөлек, Казталов ауданына қарасты Қоныс ауылында 60 орындық мектептің ғимараты пайдалануға берілді. Оқу ордасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының тапсырысымен бой көтерді. Мектепті «Smartech» ЖШС салды. Жаңа ғимаратта заман талабына сай жабдықталған 11 оқу кабинеті, спорт залы, асхана, кітапхана, мәжіліс залы қарастырылған.

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

— Бүгін баршамыз үшін ерекше қуанышты сәт! Конституцияның 30 жылдығына орай және жаңа оқу жылының қарсаңында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан 60 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Президентіміз биылғы Тамыз конференциясында «Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді...» деген болатын. Бұл білім ордасының бой көтеруі — мемлекет пен бизнестің, жергілікті билік пен халықтың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өңіріміздің әлеуметтік дамуына белсенді үлес қосып келеді, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыстық білім басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, Қоныс ауылында алғашқы мектептің іргетасы 1948 жылы салынған. Алғашында В.И.Ленин атындағы жеті жылдық мектеп ретінде ашылған білім ордасы болған.  

1957-1958 жылдары «Стройтель» жеті жылдық мектебі, кейін 1976 жылы Крупская атындағы сегіз жылдық мектеп болып өзгерген.  Жаңа мектеп ғимараты бой көтеріпті. 1979-1980 оқу жылында орта мектеп болып қайта құрылды.

БҚО білім басқармасының фотосы

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp