Батыс Қазақстан облысында 37 мыңнан астам адам көлік салығын төлемепті. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірде темір тұлпар салығы бойынша берешек 843 миллион 530 мың теңгені құрапты. Ең көп бір адамның бережағы 991,4 мың теңгені құрайды екен.
-2026 жылдың наурыз айында 115511 жеке тұлға бойынша 3027126,9 мың теңге көлік салығы есептелді, -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік иелері бірінші сәуірге дейін көлік салығын төлеуі тиіс. Қазіргі таңда салықты уақытылы төлемегендер өсімпұлмен бірге қарызын өтеуі шарт.