Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың үш айында 827 мүйізді ірі қара малы бруцеллезге шалдыққан. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы хабарлады. Ауру анықталған жануарлардың 763-і аналық екен. Бруцеллезге шалдыққан малдың 301-і астамы шаруа қожалықтарына, қалғаны жекеге тиесілі.

-2026 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сай, облыс бойынша 1 005 697 бас мүйізді ірі қара, 1 370 299 бас қой-ешкі, 838 бас түйе, 214 шошқа бруцеллезге тексеру көзделген. «Ветеринариялық-санитариялық қағидалар» талаптарына сай, жасы 12 айдан асқан барлық МІҚ, қой-ешкі малдары бруцеллезге жылына екі рет (көктемде және күзде), түйелер – жылына бір рет, шошқалар мен жылқылар – ауруға күдіктену болған кезде, ересек зерттеледі, - деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасы.

Ақжайық ауданында үш айлық жоспармен бруцеллез дертіне 33 мыңнан астам ірі қара зерттеліпті. Нәтижесінде 177 бас малдан аурудың оң нәтижесі анықталған. Бұл зақымданудың 0,5 пайызын құрайды екен. Ауруға шалдыққан жануардың 119-ы шаруа қожалықтарына, қалғаны жекеге тиесілі.

Бруцеллезге шалдыққан малдың иесі жануарды 15 күннің ішінде ет комбинаты немесе сою пунктіне тапсыруы керек.

- Бруцеллез ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының етін ұшасы мен ағзаларында патологиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат мұздатқышта тұрғаннан кейін шектеусіз пайдалануға болады. Ауру қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді,- деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасы.