8 часов назад

БҚО-да инвестордың құқығы қорғалды

Цемент зауытының дауына нүкте қойылған.

БҚО-да инвестордың құқығы қорғалды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында инвестордың құқығы қорғалды. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді. Біраз уақыт бұрын өңірде құны 75 миллиард теңгені құрайтын цемент зауыты ашылады деген ақпарат тарады. Өнеркәсіп ошағында жаңадан 60 адам жұмыс істейді деп хабарлаған еді. Алайда инвестор жобасын орындау үшін қиындықтарға тап болған.

— Батыс Қазақстан облысының Жер қатынастары басқармасы болашақ зауыттың жұмысына қажетті бор, саз шикізаты мен опока өндіруге арналған жер телімін жалға беру шартын бұзу туралы сотқа талап арыз берді. Жағдайды шешу үшін облыстық прокуратура Фронт-офис отырысын өткізіп, нәтижесінде талап арыз кері қайтарып алынды. Алайда, бір жылдан кейін жағдай қайталанып, басқарма жалдау шартын біржақты тәртіппен бұзды. Сот бұл әрекеттерді қолдап, сол арқылы жобаның жүзеге асуына қауіп төндірді. Облыстық прокуратураның наразылығымен сот актісі жойылып, іс жаңадан қарауға жіберілді. Нәтижесінде, соттың 2025 жылғы 29 тамыздағы шешімімен басқарманың жалдау шартын бұзу жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылды, —  делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Мәселесі шешілген инвестор бүгінгі таңда қытайлық серіктесімен 100 миллион доллар көлемінде келісімге отырыпты. Прокурорлар бұл бастама еліміздің инвестициялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді деп мәлімдеді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp