06 августа в 11:15

БҚО-да қару мен есірткіні заңсыз сақтаған 2 тұрғын ұсталды

Қолға түскендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

БҚО-да қару мен есірткіні заңсыз сақтаған 2 тұрғын ұсталды
БҚО ПД баспасөз қызметінің фотосы

Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданында үйінде тіркелмеген қару мен есірткі заттарын сақтаған екі тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктілердің үйін тексергенде тыйым салынған заттар табылған. 

Тәртіп сақшылары қолға түскен бір адамнан тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, нарезді қаруға арналған төрт оқ-дәрі, тегіс ұңғылы қаруға арналған екі оқ-дәрі,  қорада жасырылған жасыл түсті, ұнтақталған өсімдік тектес (есірткі затына ұқсас) 500 граммнан астам зат, алты қолданылған шприц пен пластик бөтелкені тәркілепті. Шпирц пен бөтелке есірткі қолдануға арналған болуы мүмкін деген болжам бар.  Екінші күдіктінің үйінен үй ішінен табылған газетке оралған өсімдік тектес зат, ауладан табылған үш пакет өсімдік тектес зат,  өсімдік заты бар үш шприц, есірткіні дайындауға және тұтынуға арналған арнайы құрылғыларды тапқан.

Қазіргі таңда қолға түскен тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp