05 августа в 12:02

Қазақстанда 14 мыңнан астам интернет алаяқтығы бойынша қылмыстық іс тіркелген

Келген шығын 6 млрд теңгеден асып жығылады.

Қазақстанда 14 мыңнан астам интернет алаяқтығы бойынша қылмыстық іс тіркелген
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда биыл 14 мыңнан астам интернет алаяқтығы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға көп. Интернет алаяқтарының кесірінен қазақстандықтар алты миллиард теңгесінен қағылған. Бұл туралы бас прокуратурада кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесінде айтылды. Прокурорлардың хабарлауы бойынша зардап шеккен азаматтардың 26 пайызына ғана қаражат өтеліпті. Алаяқтарға өздерінің төлем құралдарын берген 217 дроппер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 61 киберқылмыстық топ әшкереленіп, жалпы сомасы 2,9 миллиард теңгеден асатын күдікті транзакция бұғатталған.

-Кеңес барысында интернет-алаяқтықтың өсу себептері, жеке деректердің заңсыз таралуы, SIM-карталардың көлеңкелі айналымы және SIP-телефонияны пайдалану мәселелері қаралды. Нәтижесінде, қалыптасқан ахуалға жан-жақты талдау жүргізіліп, нақты іс-шаралар белгіленді және оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар айқындалды,-делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Биылдан бастап төлем карталарын бөгде адамдарға материалдық сыйақы бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олар қылмыстық кодекстің 232 -1 бабы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурорлар: «Егер сіздің шотыңызды бөгде адамдар пайдаланып жатса, дереу банкке хабарласып, не болмаса онлайн-банкинг арқылы картаңызды бұғаттауға кеңес береміз»,- деп хабарлады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp