Дропперлер қылмыстық жауапкершілік арқалайды

Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілмек.

Дропперлер қылмыстық жауапкершілік арқалайды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Қазіргі уақытта Парламент Сенатында заң жобасын мақұлдау рәсімі өтуде. Онда дропперлердің өздерінің төлем құралдарын үшінші тұлғаларға заңсыз, материалдық сыйақы алу мақсатында бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді. Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша жауапқа тартылмақ. Заң жобасы мақұлдаудан өтсе, дропперлер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

— Дропперлер үшін салдары:  барлық банктік шоттардың алаяқтық ісі ретінде бұғатталуы, күдікті тұлғалар тізіліміне енгізілу және осыған байланысты қаржылық қызметтерді шектеу, нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталу. Бұл зардаптар өздерінің банктік шоттарын, соның ішінде шетелдік шоттарды, қылмыстық схемаларда пайдалануға ұсынған шетел азаматтарына да қолданылады. Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 232-1-бабына сәйкес, егер адам құқыққа қарсы схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады, — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде интернет-алаяқтық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартылған 50 мыңнан астам азамат бар. Бас прокуратура қылмыс жасауға жәрдемдескен алты мыңнан астам дроппердің жеке басын анықтады. Прокурорлар егер сіз бұған дейін өз шотыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, ықтимал құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу үшін банк бөлімшесіне дереу жүгініңіз немесе онлайн-банкинг арқылы картаны өзіңіз бұғаттаңыз деп кеңес береді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp