• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда қарасора өсірген ер адам ұсталды

Қолға түскен ер адамның фитозертханасынан 5 келі, 21 түп қарасора өсімдігі табылған.
Атырауда қарасора өсірген  ер адам ұсталды

Атырауда есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы аясында тұрғылықты мекенжайында фитозертхана жасақтаған адамды қолға түсірді. Тексеру кезінде арнайы жабдықталған сарайда салмағы бес келі болатын 21 түп қарасора өсімдігін тауып, тәркіледі. 

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталыпты.

ҚР ІІМ фотосы

Главный баннер --> after article