29 шілдеде кешкілік уақытта Оралдың орталық бөлігі жарықсыз қалды. Тұрғындар Тайманов, Сарайшық көшесі, Курений, «Урал» дүкені, Хлебзовод 1 және Сокол ауданының электр қуатынсыз отырғанын айтады. Апат кешкі сағат 20.10-да тіркеліпті.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта 1511 абоненттің жарықсыз отырғанын хабарлады.
«Самал» қосалқы станциясының 204-ұяшығында авариялық апат болған.
—Апаттың салдарын жою үшін жедел шығу бригадасының (ОВБ) екі авариялық тобы жұмыс орнына жіберілді.Электрмен жабдықтау шамамен 1,5–2 сағат ішінде қалпына келтіріледі деп жоспарлануда, – деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оралдықтар осы аптада жарықтың сөнуіне жиі шағымдануда. 27 шілдеде тіпті үш мыңнан астам абонент электр қуатынан ажырады. Тұрғындар аптап ыстықта жарықсыз отыру қолайсыз екенін айтып, әлеуметтік желіде үйдегі азық-түліктің бұзуына қапалы екенін жасыра жазып жатыр.