Оралда 30, 31 тамыз күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Оралда ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке сенбі, жексенбі күндері өтпек.

Оралда 30,31 тамыз күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Орал қаласында мереке күндері ауыл өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 30 тамызда жәрмеңке Ықсанов көшесінде өтпек. 

Ал, жексенбі күні Зачаган кенті, Жәңгір хан 52Б мекенжайында ұйымдастырылады. Қала әкімдігі жәрмеңкенің сағат таңғы тоғыздан, түскі бірге дейін ұйымдастырылатынын атап өтті.

Ұйымдастырушылар күн райының жылы болуына байланысты тауар сөресінде балық, ет, тауық өнімін саудалауға тыйым салынғанын ескертеді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp