Мамыр айында инфляция 11,3% жетті
2025 жылдың сәуір айында инфляция 10,7% құрады.

Қазақстанда мамыр айында инфляция 11,3% құрады. Бұл туралы ұлттық статистикалық бюросы мәлімдеді. Өткен сәуірде бағаның құнсыздануы 10,7 пайыз тіркелді.
Сала мамандары өткен жылғы мамырмен салыстырғанда суық суға -97,6 пайыз, су бұруға-25,1 пайыз, жылудың бағасы-19,2 %,тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 15%, ыстық суға – 14,5%, электр энергиясына – 11,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 10,7% өскендігін хабарлады.
Қазақстанда кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне-62,3 пайыз, байланыс қызметтеріне -15,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,6%, санаторийлер қызметтеріне – 14,4%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтеріне – 13,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 12,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,3%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге 11% жоғарылады.
Ел аумағында тасымалдау құны да қымбаттады. Теміржол ақысы – 26,5%, қалалық автобус – 11,1%, жолаушылар әуе көлігі – 10,5%, такси қызметі 10% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемінің құны 13,6% өсіпті.
Ел аумағында азық-түлік бағасы да қымбаттады. Пияз 76,3%, қырыққабат– 67,5%, картоп – 66,9%, күнбағыс майына – 23,8%, минералды және ауыз суға – 16,7%, сиыр етіне – 15,3%, қой етіне – 14,3%, кондитерлік өнімдерге – 13,9%, салқындатылған сусындарға – 12,5%, сары майға – 12,3%, балық және теңіз өнімдеріне, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 11,9%-дан, ет өнімдеріне – 11,7%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,6% белгіленді. Тек қарақұмық -12 пайыз, күріштің құны 8,3 пайызға арзандапты.