• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда жол жөндеу үшін қаржы тапшы

Қазіргі таңда Жәңгір хан көшесін жөндейтін мердігер анықталды.
Оралда жол жөндеу үшін қаржы тапшы
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Орал қаласының мәслихат сессиясында Жәңгір хан көшесінің жөндеу жұмыстары қашан басталады деп депутат Ерлан Жұматаев сұрақ астында алды. Ол әкімнен жолда сызылған сары сызықтың жүргізушілерге кесел келтіріп жатқанын айтты. Жолдың екінші бетіне көлігін бұра алмаған жүргізушілердің уақытын алатынын да халық қалаулысы тілге тиек етті.

Көпті толғандырған сауалға шаһар басшысы жауап берді. Мұрат Болатұлы қазір қазына қаржысы тапшы. Сол себепті жөндеу жұмыстарының ақысын келер жылдың наурызында төлеп береміз, деп сендірді. Ол жол салатын компаниялармен кездескен. Кәсіпкерлер өз қаржысының есебінен жол жөндеуге келісім берген.

Главный баннер

— Биылғы жылы қалада қаржы тапшы екені барлығы біледі. Ол жасырын ақпарат емес. Салықтың уақытылы түспеуі жалпы республика бойынша байқалып отырған жағдай бар. Биыл біздер кәсіпкерлермен алдын ала кездесіп, ол жерде жергілікті кәсіпкерлер қатысады ғой. Жәңгір хан көшесі, Каримуллин көшесі, Шолохов көшесі, Желаев трассасы және басқа көшелерге конкурс жарияладық. Қаржысын келесі жылы төлейміз деп. Қаржысы наурыз айында төленеді. Кәсіпкерлер келіскендей болды. Жәңгір хан көшесінде конкурс өтті. «Ануш Құрылыс» компаниясы мердігер болып танылды. Бірақ қазіргі кезде қиындық туып тұрғаны Желаев трассасында Мереке Қонысбаевич «Жайық сити» алажағы бар. Қазіргі кезде Казталов ауданынан 320 миллион, Сырым ауданынан 860 миллиондай, Атырау қаласынан бір миллиард алажағы бар. Қазіргі кезде ақша жоқ болғасын ала алмай отыр. Сол себепті бізге Астанадан компаниялар шығып, олардың қаржылары бар екен. Биыл субподрядка (қосалқы мердігер-ред.автор) соларды тартып жатырмыз. Оганнеске де, Мерекеге де. Өз қаражат есебінен жөндеуді жасап беруі керек. Қаржысын келесі жылы төлеп береміз. Олар амандық болса, сейсенбі күні келеді. Келгеннен кейін екі мердігерді алып, Жандос Асхатұлымен, Асылжанды да алып Мирас Рүстемұлына барамыз. Негізі келісімшартқа екі компанияда субподрядка (қосалқы мердігер-ред. автор) отырды, –деді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласының әкімдігі Жәңгір хан көшесінің жөндеу жұмыстары 29 шілдеде басталады деп хабарлаған еді. 4,9 шақырым жол орташа жөндеу көреді деген жоспар бар.

Главный баннер --> after article