Президент Жеңіс күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Президент құттықтауында осы күнді әрбір адам ерекше тебіреніспен қарсы алатынын атап өтті. Фашинизмге қарсы күрес халқымызға орасан зор қасірет әкелді.Батырларымыз шыбын жанын шүберекке түйіп, ел мен оның болашағы үшін, азаттығы үшін аянбады. Олар- батылдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.Соғыс даласында мыңдаған жауынгер жер жастанды. Майдандағы сарбазға көмектесу үшін тылдағы еңбеккерлер қиындыққа қаймықпай тер төкті. Олардың да Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі өлшеусіз.
-Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз.
Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.
Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!,-деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев.
Елімізде Жеңіс күні қарсаңында Астанада әскери шеру өтті. Оған төрт мыңнан астам әскери мен 220-дан астам техника қатысты.