Астанада әскери шеру өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елорда төрінде әскери шеру ұйымдастырылды.

Астанада «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай парад өтті. Бұл іс-шара Отан үшін қан майданда от кешіп, өмірін бейбіт заман үшін өмірін қиған батырлардың рухы мен сұрапыл соғыстан түрлі жарақатпен оралса да, елдің дамуы үшін аянбай тер көккен батырларды ұлықтауға арналған. Әскери шеру тәуелсіз ел әскерінің бүгінгі күш айбынын көрсетуді көздейді.
Парадқа сөз алған Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, батырлардың ерлігін тілге тиек етті.
-Ел қорғау – абыройлы міндет және зор жауапкершілік. Бұл – әр азаматтың перзенттік парызы. Сіздермен бірге барша азаматтарымыз Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құрып жатыр. Осы тарихи жұмысымыз табысты болсын! Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін! Қадірлі Отандастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әскери шеруге Қазақстан қарулы күштерінің барлық түрінен төрт мыңнан астам әскери қызметкері қатысты. Осы жиын үшін арнайы 200 аса әскери қару жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы және тікұшағы әкелінген.
Алғаш рет мехикаландырылған колонналардың сапын «Бук», «Тор» зенитті-ракета кешендері, «Барыс», «Алан» «Айбар», «Таймас», «Террекс» дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырды.
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты.
Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан және әлеуметтік желі парақшаларында көрсетелді.
Ақжайық жұртшылығы да елорда төрінде өткен әскери шеруді “Жайық Арена” спорт кешенінде тамашалады. Іс-шараны тамашалауға 1200 адам жиналды. Шерудің көрсетілімі алдында жергілікті өнерпаздар – DDRECORDS тобының мүшелері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар көрермендерге патриоттық рухтағы әндер шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.