14 часов назад

Оралда бадминтоннан ел біріншілігі өтуде

Ел чемпионаты 11 мамырда аяқталады.

Ел чемпионаты 11 мамырда аяқталады.
БҚО әкімдігінің фотосы

Оралда жастар арасында бадминтоннан ел біріншілігі басталды.Жарыс Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындары аясында ұйымдастырылды.  Байрақты бәсеке 11 мамырға дейін жалғаспақ. Мұнда еліміздің үздік деп танылған жүзден астам спортшысы бақ сынайды. Ел чемпионанында Астана, Алматы, Шымкент қаласынан, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының құрамасы өнер көрсетеді.

Аталған турнир бадминтон спортын одан әрі дамытуға, оны бұқара халық арасында кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салты қағидаларын нығайтуға және спортшылардың шеберлік деңгейін арттыруға арналған.

-Спорттық сайыстар жас таланттарға тәжірибе жинақтауға, жоғары деңгейдегі жарыстарға жол ашуға және болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік береді,-дейді жарыстың ұйымдастырушылары.


Казахстанцы предпочитают футбол, а не национальные игры

Казахстанский теннисист принес победу Казахстану в Риме

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp