Қазақстанда «Балақайлар мектебіне» бағдарламасымен 90 мың бала білім алмақ
Елде 90 мың бала алғаш мектепалды даярлықтан өтеді.
Қазақстанда алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге арналған «Балақайлар мектебі» бағдарламасы іске асуда. Жоба биыл екі жыл қатарынан ұйымдастырылуда деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Аталмыш бағдарлама аясында 90 мың бала қысқа мерзімді оқуға қатысыпты.
— Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Ол балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, - деп оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі айда қысқа мерзімді курстан 25 мың жуық бала білім алыпты. Оқу мерзімі бір айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері сабақ береді. Әсіресе ұстаздар балақайлардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға екпін салады.
Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарлануда.