Қазақстандық студент Дарья Мельник Қытайда өткен халықаралық WorldSkills байқауының жеңімпазы атанды. Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, байқау Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен. Оған Қазақстан, Қырғыстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай елінің жас мамандары қатысты.
Қазақстандық студент өнеркәсіптік дизайн технологияларында топ жарды. Дарья - «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan–2025 ұлттық чемпионатының жеңімпазы. Ол Павлодар қаласында Ақпараттық технологиялық колледжінде оқиды.
– Дарья Мельник І орынды иеленіп, халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды. Студентті жарысқа Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Борис Григорьев дайындады. Қазақстандық студенттің бұл жетістігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен отандық жастардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Сонымен қатар еліміздің WorldSkills қозғалысындағы әлеуетін айқындап, қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігі әлемдік деңгейде жоғары бағаланатынын дәлелдеді, – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
БҚО-дан WorldSkills Kazakhstan байқауына 42 қатысушы қатысуда