5 часов назад

Қыркүйекте елдегі жылдық инфляция 12,9 % болды

Ұлттық банк тамызда жылдық инфляция 12,3 % болғанын хабарлады.

Қыркүйекте елдегі жылдық инфляция 12,9 % болды
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың қыркүйегінде елде азық-түлік тауарларды қымбаттады. Ұлттық банк өткен айда Қазақстанда инфляция 12,9 пайыз болғанын хабарлады. Жылдық инфляция 18 өңірде жеделдепті. Тек бір аймақта бұрынғы деңгейде қалған.

Реттеуші банк азық-түлік өнімдерінің 12,7 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді. Ең көп Ұлытау облысында тіркеліпті. Мұнда тағам бағасы 15,8 % қымбаттаған. Ал, ең аз қымбатшылық Алматы шаһарында тіркелген. Мұнда өсім 9,2 пайызды құрапты.

— Қыркүйектің қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 10,8% өсті (тамызда – 9,7%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (13,2%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,6%) тіркелді,— деп хабарлады Ұлттық банк.

Елімізде азық-түлік өнімдерінен өзге ақылы көрсетілетін қызметтердің ақысының өсуі 15,3 пайызы болып өзгеріссіз қалған. Тамызда да осы көрсеткіш болды.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі инфляцияны төмендету үшін Ұлттық банк қазан айында базалық ставканы 18 пайызға өсірген еді. Сарапшылар бұл шешім елде қымбатшылықты азайтуына септігін тигізеді деседі. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp