Ресейдегі ең дәулетті қазақтардың бірі ретінде танылып жүрген Совет есімді азамат Құрбан айт мерекесіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Мой Город ult.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған бейнежазбаны әнші Әлиғазы Төртқара өз парақшасында жариялап, “Ресейде тұратын абыройлы азамат Совет ағаға арнайы сәлем беріп келдік” деп жазған.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның алтын сақиналарға толы қолы мен алтын тістері көпшіліктің назарын аударған еді. Сол кезде желі қолданушылары оны Ресейдегі ең бай қазақ деп атаған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, оның иелігінде 10 мыңға жуық жылқы және 76 тазы иті бар.