2024 жылы С гепатитімен есепте тұрғандар саны 35 мыңға жетті
Өткен жылы гепатиттің В түрімен 33 мың адам сырқаттаныпты. 2024 жылы алғаш рет В гепатитімен 5360 науқас, С гепатитімен — 8470 адам диспансерлік есепке алынған.
28 шілде — дүниежүзілік гепатитпен күрес күні. Бұл кеселмен Қазақстанда күресіп келеді. 2016 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға дейін С вирустық гепатитін жою жөніндегі жаһандық бағдарламасы бастады. Халықаралық ұйым Қазақстанды Орталық Азия мен тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігінде осы бағдарламаны орындауда көшбасшы деп таныпты.
Бауыр гепатиті қауіпті сырқат. Оның түрі де көп. Жыл сайын бір миллион 300 мың адам осы аурудың кесірінен көз жұмады. Жыл сайын гепатиттің В түрімен 1,2 миллионға жуық жаңа жағдайы және С гепатитінің бір миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
Өткен жылы Қазақстанда 400 000 жуық адам В және С вирустық гепатитін анықтауға зерттеу жүргізді. 30 мыңнан астам ересек науқас вирусқа қарсы емделген.
Қазақстанда «В вирустық гепатиті» диагнозымен «Д» есебінде 2024 жылы 33 462 адам, созылмалы С вирустық гепатитімен — 35 984 адам болған. В гепатитімен алғаш рет диспансерлік есепке алынған адамдар 5360 адамды, С гепатитімен — 8470 адамды құрады.
— Бүгінгі таңда қауіпсіз вакциналар мен В гепатитін емдеудің тиімді әдістері, сондай-ақ С гепатитін толығымен емдейтін дәрілер бар. В гепатитіне қарсы вакцинациялау аурудың 95% дамуына жол бермейді және гепатит D вирусынан жанама түрде қорғайды. Қазақстанда 1998 жылдан бастап перзентханадағы балалар бірінші туған күнінде оларды вирустық гепатитпен инфекциядан қорғайтын вакцина алады. Республиканың гепатологиялық орталықтарында скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Қазір мамандардың міндеті - осы аурудың пайда болуының алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу, — деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлер бауырдың сырқатынан сақтануға шақырады. Ол үшін жеке бастың гигиенаны сақтау қажет. Ол гепатиттің А және Е түрінен қорғануға сеп болмақ. Екінші жолы гепатитке қарсы екпе салу. Вакцина адамды А және В вирусының инфекциядан сенімді қорғайды, ал препараттар 95% жағдайда тиімділікті көрсетеді екен.