Маңғыстауда мұнай-газ саласында 250 млн теңге жымқырғандар сотталды
Тергеу аясында үш адам ұсталды.
Маңғыстауда мұнай-газ саласында қаржы жымқырғандар сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Өткен жылы прокурорлар мұнай-газ кәсіпорындарын тексеріпті. Нәтижесінде «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталыпты. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған.
Тергеу аясында үш адам ұсталды. Қолға түскендердің ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.
Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Судья мердігер компанияның өкілдеріне екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кесті.
Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы барысында сотталғандар 250 миллион теңге көлемінде шығынды өтеген.
Үкім заңды күшіне енді.
Медет Медресовтың фотосы
- Судоисполнители похитили деньги взыскателей: половину они потратили на азартные игры
- Сотрудники казахстанских банков похищали людей и оформляли на них кредиты
- Маңғыстау облысында киік мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды
- Маңғыстауда 455 келі бекіре тәркіленді
- Оралда бұрынғы ғашығын бопсалаған адам ұсталды