2 часа назад

Маңғыстау облысында киік мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген киіктің тоғыз ұшасы мен 30 мүйізі тәркіленіпті.

Маңғыстау облысында киік мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды
Фото polisia.kz сайтына тиесілі

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылында киіктің денесін мен мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлайды. Тінту кезінде киік мүйізінен өзге 16 милиметр калибрлі оқ-дәрі мен өзге де айғақтар тәркіленген. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 339 бабы, бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. 

Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілген. Ал, күдіктіден бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp