3 часа назад

Маңғыстауда 455 келі бекіре тәркіленді

«Toyota Land Cruiser 100» маркілі автокөліктен 455 келі құрайтын бекіре тұқымдас балығы табылған.

Маңғыстауда 455 келі бекіре тәркіленді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысында табиғатты қорғау прокурорлары мен «Охотозоопром» мекемесінің қызметкерлері оныншы тамызда арнайы рейд өткізді. Рейд барысында Түпқараған ауданының «Ащымұрын» теңіз жағалауында азамат «Н» басқаруындағы «Toyota Land Cruiser 100» маркілі автокөлігі тоқтатыпты. Темір тұлпардың жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы 455 кг құрайтын бекіре тұқымдас балық табылған. Каспий маңы елдерінде аулауға мораторий жарияланғанын прокурорлар еске салады. Ірі көлемде бекіре балығы анықталған азаматқа қатысты қылмыстық кодекстің 399 бабы бойынша қылмыстық із қозғалды.

Прокурорлар ел аумағында жойылып кету қаупі төнген және пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp