Гепатит, конъюнктивит, ротавирус: субұрқаққа түскенде қандай сырқатты жұқтыру қатері бар
Мамандар сақ болуға шақырады.

Күн райы жылынған шақта субұрқақтарда шомылып, ойнайтындардың қатары көбейеді. Әсіресе, аптап ыстықта осы архитектуралық сәндік бұйымдарды суға түсетіндердің саны артады. Қала аумағында да балалардың су бұрқаққа суға түсетін жайттары жиі кездеседі. Осыған байланысты облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің мамандары сәндік құрылғыларда шомылмауға кеңес береді.
Мамандар субұрқақтағы су жиі жаңартылмайтынын ескертеді. Ол жүзуге және спортпен шұғылдануға арналған бассейндерге қойылатын талаптар бойынша тазартылмайды және зарарсыздандырылмайды. Лас суда ауа райының аптап ыстығында түрлі микроорганизімдер тез көбейеді. Субұрқаққа шомылғанда тек салқын ғана қоймай, түрлі сырқатты жұқтыру алу қаупі бар. Шомылу жедел ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары басты қауіп энтеровирус, ротавирустық инфекция, гепатиттің А түрімен сырқаттану қатері барын ескертеді. Өткен жылы субұрқаққа шомылып, түрлі дертке шалдыққандар облыс аумағында тіркелмепті.
Субұрқаққа шомылып, түрлі жұқпалы дертті жұқтырудан бөлек, тоққа соғылу қаупі барін естен шығармаған абзал. Себебі архитектуралық бұйым түрлі коммуникация мен жарықтандыру желісімен жабдықталған.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында 25 субұрқақ жұмыс істейді. Олар 12 жерде орналасқан. Субұрқақтарды екі жылдық келісімшарт бойынша күтіп ұстайды. Бұл үшін бюджеттен 119 миллион теңге қаржы бөлінді.
- Три фонтана уже заработали в Уральске
- Когда запустят фонтаны в Уральске
- Почти за полмиллиарда тенге в Уральске обновят два сквера