Қазақстандықтар 23 тамызда Құрылтай сайлауында депутаттарға дауыс берді. Күні кеше орталық сайлау комисссиясы саяси доданың қорытындысын жариялады.
Сайлаудың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы-71,17 пайыз, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы- 5,11 пайыз, Қазақстанның «Байтақ» партиясы-1,07 пайыз, Қазақстан Халық Партиясы-3,11 пайыз, «Ауыл» партиясы- 6,26 пайыз, «Ақжол» партиясы- 5,21 пайыз, «Республика» партиясы- 5,56 пайыз дауыс жинады.
Саяси доданың нәтижесі белгілі болғасын партиялар депутаттардың тізімін жариялады. Ең көп мандат "Әділет" партиясына тиесілі.
Осы тізімде Батыс Қазақстан облысының алты тумасы бар. Олардың басым көпшілігі— «Әділет» партиясының өкілдері. Снежанна Имашева, Наталья Годунова, Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамедиев, Сатыбалды Буршаков, Замир Сағынов пен «Ауыл» партиясынан Серік Егізбаев мандатқа ие болды.
Құрылтайдың алғашқы жиыны 28 тамызда өтеді. Алғашқы жиынға президент қатысады.
- Пять партий и 145 мандатов: кто вошел в Курултай Казахстана
- Итоговые результаты выборов в Курултай: ЦИК озвучил данные
- Как проходят выборы в Курултай в Уральске
- Оралда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр