10 часов назад

Оралда мектеп мұғалімі көлік жүргізу құқығынсыз темір тұлпарды басқарып, айыппұл арқалады

Ұстаз бұрын көлік басқару құқығынан айырылған. Алайда ол бұған қарамастан педагог ел аумағында тіркелмеген темір тұлпарды басқарған.

Оралда мектеп мұғалімі көлік жүргізу құқығынсыз темір тұлпарды басқарып, айыппұл арқалады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда №42 мектептің мұғалімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Соттың таратқан ақпарына сүйенсек, жауапкершілікке тартылған педагог бұрын көлікті басқару құқығынан айырылыпты. Алайда бұл шектеуге қарамастан ол Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген көлікті  басқарғаны анықталды.

Заң бұзған ұстаз жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы және көлік құралдарын тіркеу ережелерін бұзу бойынша жауапқа тартылды. Педагог 275 240 теңге көлемінде айыппұл төледі. Судья жаза тағайындау кезінде мұғалімнің кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріпті.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp