Оралда субұрқақтар қашан жабылады?
Орал қаласында субұрқақтардың жұмысы жайлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мамандары айтып берді.
Оралда субұрқақтар қазанның 15 кейін жабылмақ. Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары хабарлады.
Жалпы облыс орталығында 25 субұрқақ бар. Биыл олардың 22 тұрғындарға қызмет көрсетті. Жанға сая сыймайтын мекеннің үшеуі істен шығыпты. Олардың бірі- Жайық өзенінің жағалауында орналасқан субұрқақ. Қадыр Мырза Әли алаңында орналасқан фонтанда жерасты суына байланысты істен шыққан. Ал, Чапаев алаңында өрнектастар төселіп жатыр. Ол жұмыстарды «ЗемЭнерго Сервис» мекемесі атқаруда.
Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс орталығында субұрқақтар сәуір мен мамырда біртіндеп іске қосылды.