5 часов назад

Оралдан Қарағандыға ұшатын тікелей рейс ашылмақ

23 қыркүйектен бастап оралдықтар Қарағандыға тікелей ұша алады.

Оралдан Қарағандыға ұшатын тікелей рейс ашылмақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

23 қыркүйектен бастап Орал-Қарағанды бағытында тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлайды. Рейс аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері ұшады.

— Біздің еліміздің кеншілер астанасына ұшуды Scat әуекомпаниясы 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарында орындалатын болады. Жаңа рейстер Батыс және Орталық Қазақстан арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, жолаушылардың ыңғайлылығын және өңірлер арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — делінген Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Орал-Қарағанды бағытындағы билетті әуекомпанияның сайты мен билет сататын онлайн сервистерден сатып алуға болады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp