Air Astana Дубай мен Дохаға ұшатын рейстерін тоқтатты
Әуе компаниясы 24 маусымда Дубай мен Дохаға ұшатын рейстерін тоқтатты.

Air Astana компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстардың шиеленісуіне байланысты Дубай мен Дохаға ұшатын рейстерін тоқтатты. Әуе компаниясы 24 маусымда ұшуы керек Астана-Дубай-Астана, Алматы-Дубай-Алматы, Шымкент-Доха-Шымкент рейсін тоқтатқаны туралы хабарлады.
— КС205/206/Астана-Дубай-Астана КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер) Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады, — делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда да Air Astana компаниясы Атырау-Дубай-Атырау, Астана-Дубай-Астана, Астана-Доха-Астана қаласына ұшатын рейстерді тоқтатқаны еді.