11 часов назад

Өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

«My Freighter» әуе компаниясы аптасына екі рет Қазақстанға қатынайды.

Өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

«My Freighter» (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы аптасына екі рет Қазақстанға қатынайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлайды. Өзбек компаниясына тиесілі ұщақ Ташкент-Алматы бағытында тұрақты және тікелей рейс орындайды. Ұшақ дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұшпақ. Ал, алтыншы маусымнан бастап тағы бір рейс қосылады. Осылайша тасымал саны үшке жетпек. Әуе қатынасының артуы қос ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты дамытуға өз септігін тигізбек. 


Корейлік лоукостер Қазақстанға ұша бастады

Ақтөбеден Оралға тікелей авиарейс ашылады

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp