Қазақстанда 278 мың адам адам папиллома вирусына қарсы екпе алды
11 мен 13 жас аралығында жасөспірімдер екпе салдырды.
Қазақстанда 278 мың астам жасөспірім адам папиллома вирусына қарсы екпе алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік екпенің бірінші дозасын 170 мың адам, екіншісі дозасын 108 мыңнан астам жасөспірім алыпты. Дәрігерлер екпеден соң жағымсыз жағдайдың тіркелмегенін атап өтті.
— АПВ-ға қарсы вакцинациялауды тиімді енгізу мен мониторингті қамтамасыз ету үшін иммундау барысына тұрақты бақылау жүргізіледі.Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады. АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасының негізгі мақсаты әйелдерді АПВ негізгі қоздырғышы болып табылатын жатыр мойны обырынан, сондай-ақ гениталдың кандиломаларды, анус және жыныс мүшелерінің обырын қоса алғанда, басқа да онкологиялық аурулардан қорғау,— деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Адам папиллома вирусына қарсы екпені 147 ел ұлттық иммундау бағдарламасына енгізген. Ал, әлемнің 76 мемлекетінде адам папиллома вирусына қарсы екпені әйелдер мен ерлерге егеді.