БҚО-да 60 мың адамға тұмауға қарсы екпе салмақ
Облыста вакцина егу науқаны 26 қыркүйекте басталған.

Биыл Батыс Қазақстан облысында 60 мың адамға тұмауға қарсы екпе салуға сатып алыпты. Вакцина салу науқаны өңірде 26 қыркүйекте басталды, - деп облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Өткен жылы департамент жедел-респираторлық вирустық инфекциясына қарсы екпенің 68 мың дозасын сатып алған еді.
Сала мамандары биыл неліктен вакцинаның сегіз мыңға азайғанын ашып айтпады.
Медицина қызметкерлері тұмауға қарсы екпені балалар мен 65 жастан асқан жандарға салуға ұсынады. Әсіресе, екі жасқа дейінгі бүлдіршіндер, созылмалы аурулары бар, жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе аурулары, диабет және иммунитеті төмен адамдарға вакцинаны салдыруға кеңес береді. Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері, жүкті келіншектер мен білім беретін мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың екпе салуы абзал, - деседі.