Елікті заңсыз аулаған БҚО-ның тұрғыны ұсталды
Аңшы Теректі ауданының аумағында орналасқан Кирсанов қорығында заңсыз аң аулаған.
Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған аңшы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz. сайты хабарлады. Тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғи қорықта аң аулаған тұрғынды құрықтапты.
Бәйтерек ауданының тұрғыны металл қақпандар орнатып, заңсыз аңшылықпен айналысқан. Оқиға орнында еліктің терісі, екі сирағы, құлағы мен жақ сүйектері, 13 дана металл тұзақ тәркіленіпті.
Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
- В Уральске задержали браконьера с тушами кабанов
- Подозреваемые в браконьерстве протаранили катер пограничников в Атырауской области