2 часа назад

БҚО-да тыйым салынған діни әдебиетті сақтаған тұрғын айыппұл арқалады

Сырым ауданының соты ел аумағында тыйым салынған діни әдебиетті сақтаған тұрғынға қатысты қаулы шығарды.

БҚО-да тыйым салынған діни әдебиетті сақтаған тұрғын 55 мың теңге айыппұл арқалады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылының тұрғыны ел аумағында тыйым салынған діни әдебиетті тарату мен оны сақтаған тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық соттың таратқан ақпарына сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері тұрғынның мекенжайын тінту кезінде, «Товхид и Ширк», «Исламская акида» және Қазақстан Республикасының аумағында сақтауға тыйым салынған шариғат туралы кітаптарды тәркілепті.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін мойындап, кітаптарды бұрын дүкеннен сатып алғанын көрсеткен.Сырым аудандық сотының қаулысымен тұрғынды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453 бабы, бірінші бөлігімен кінәлі деп тапты.Ол әкімшілік жаза ретінде 55 048 теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

 Қаулы заңды күшіне енді. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp