• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Азия ойындарының жеңімпаздары 50 мың доллар сыйақы берілмек

Чемпиондарға берілетін сыйақы жайлы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтып берді.
Азия ойындарының жеңімпаздары 50 мың доллар сыйақы берілмек
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері артты. Жеңіс тұғырын бағындырған спортшылар 50 мың долларға дейін сыйақы алмақ. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол алтын жүлдегерге берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға ұлғайтылғанын айтты. 

– Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін беріледі, – деді министр Ербол Мырзабосынов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеңімпаз спортшылар алтын медаль алса он мың доллар, күміс медаль үшін бес мың доллар, қола медаль еншілесе үш мың доллар сыйақы алып келді.