Алаяқтар алдаудың жаңа түрін тапқан
Енді алаяқтар: «Салық декларациясын уақытылы тапсырмадыңыз», - деп хабарласады.
Алаяқтар қазақстандықтарды алдап соғудың жаңа түрін ойлап тауыпты. Бұл туралы Polisia.kz телеграм арнасы хабарлайды.
Енді қылмыскерлер тұрғындарға салық декларациясын тапсырмадыңыз деп қоңырау шалып. Олар банк шоттары бұғалаттады деп қорқытады. Осы мәселені үш күннің ішінде шешуге болады деп психологиялық қысым көрсетеді.
Тек жеке басыңызды растау керек деп SMS хабарлама жіберіп, келген кодты сұрайды. Кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.
Полиция мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңырау шалмайтынын және SMS-кодтар мен растау дерегін сұрамайтынын ескертеді.
- Оралда зейнеткердің 830 мың теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды
- Ұлттық банк алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа схемасына көшті деп дабыл қағуда
- Қазақстандықтардың 900 млн теңгедей қаржысын жымқырған қылмыстық топ құрықталды
- Ақтөбеде азаматтарды 50 млн теңгеге алдаған алаяқтар қолға түсті
- БҚО-да алаяқтар мұғалімнің атынан 4 банктен несие алған
- Алаяқтар батысқазақстандықтардың 60 млн теңгедей қаржысын жымқырған
- Маңғыстауда алаяқтар тұрғындардың шотынан қыруар қаржы жымқырған