30 марта в 11:00

Маңғыстауда алаяқтар тұрғындардың шотынан қыруар қаржы жымқырған

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысында тұрғындардың шотынан алаяқтар 48 млн теңгені ұрланғанын хабарлады.

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысында тұрғындардың шотынан алаяқтар 48 млн теңгені ұрланғанын хабарлады.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысының екі тұрғыны депозиттік шотында тұрған ақшасынан қағылған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері жедел-іздестіру барысында аса ауыр қылмыс саналатын интернет алаяқтық  дерегін әшкере қылған. Ішкі істер министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, алаяқтар облыс тұрғының депозиттік шотынан 28 миллион 430 мың теңгесін бөгде адамның шотына аударыпты. Қыруар қаржыны иесіне қайтарып беру үшін тәртіп сақшылары Астана қаласына іс-сапармен барған. Соның нәтижесінде үш күдікті қолға түскен. Екі күдікті Ақтау қаласының, біреуі Қарағанды облысының тұрғыны екені анықталыпты. Тергеу барысында зардап шеккен адамның ақшасы күдіктілердің шотына түскені белгілі болды. Қазіргі таңда қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны уақытша қамау изоляторына қамалған.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының тұрғынының банктік шотынан 20 миллион теңгесі ұрланған. Тергеу барысында азаматтың ақшасы Өскемен қаласының екі тұрғынының есепшотына түскені анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда интернет алаяқтығына барған күдіктілерге қарсы тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp