08 августа в 11:00

Ақтөбеде азаматтарды 50 млн теңгеге алдаған алаяқтар қолға түсті

Ол Қостанайдан Ақтөбеге қымбат көліктерді жеткізіп беремін деп, темір тұлпарларды заңсыз иемденген.

Ақтөбеде азаматтарды 50 млн теңгеге алдаған алаяқтар қолға түсті
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Ақтөбеде қымбат көлікті Қостанайдан жеткізіп беремін деген алаяқ құрықталды. Ол логистикалық қызмет көрсетемін деп үш премиум санаттағы автокөлікті заңсыз иемдегені анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Алаяқтың кесірінен тұрғындарға 50 миллион теңгедей шығын келген. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында төрт күдікті қолға түсті. Құрықталғандардың барлығы Ақтөбе қаласының тұрғындары екен. Екі адам бұрын сотталған. Тінту барысында айғақ заттар тәркіленді. 

Ұрланған көліктер заңды иесіне қайтарылған. Қазіргі таңда темір тұлпарды заңсыз иеленгендерге қатысты тергеу басталды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp