Оралда зейнеткердің 830 мың теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды
Қолға түскендер ағайынды екен.

Оралда зейнеткердің сенімі кіріп, қомақты қаражатты иемденген қаскөйлер ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп сақшыларының таратқан ақпаратына сүйенсек қолға түскен алаяқтар 68 жастағы әйел адамның 830 мың теңгесін жымқырған. Қолға түскен екі азамат ағайынды әрі бір-бірін бұрыннан танитыны анықталыпты. Күдіктілер бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Алайда облыстық полиция департаменті істің қай баппен қозғалғаны туралы тіс жармады.
Фото: pixabay.com