11 часов назад

Ұлттық банк алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа схемасына көшті деп дабыл қағуда

Еліміздің реттеуші банкі азаматтарға сақ болуға шақырады.

Ұлттық банк алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа схемасына көшті деп дабыл қағуда
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Еліміздің Ұлттық банкі азаматтарды алаяқтардың арбауы түспес үшін сақтануға шақырады. Қылмыскерлердің тұрғындарды алдап соғуы үшін жаңа айлаға көшкенін реттеуші банк хабарлады. Соның бірі — телефон арқылы жасалатын вишинг. Алаяқтар Ұлттық банк, медицина немесе полиция қызметкерлерімен деп өзін таныстырып, қоңырау шалады.

Екінші тәсілі — фишинг деп аталады. «Ресми» сілтемелер немесе қосымшасы бар хаттар мен SMS-хабарламалар жіберу арқылы азаматтарды алдап соғады. 

Кейде заң бұзушылар азаматтардың сеніміне кіріп, қашықтан басқаруға арналған қосымшалар HopToDesk, RustDesk, AnyDesk сияқты телефонға, компьютерге жүктетіп, соның көмегімен цифрлы технологияны толық басқарады. 

Алаяқтардың осындай айласына алданып, бар тапқан қаражатынан қағылып жатқандар көп. Тіпті кейде алаяқтар тұрғындардың сеніміне кіріп, несие алдыртып, терминалдар арқылы дропперлердің шотына да ақшаны аударуға үгіттейді. 

Ұлттық банк қызметкерлері интернет алаяқтарына алданбас үшін сақтық шараларын сақтауға шақырады. Реттеуші банк халықпен есеп айырылыспайды, азаматтарға қоңырау шалмайды, шот ашып, инвестиция жасауды ұсынбайды.

Сауалдарыңызды Ұлттық банктің байланыс орталығы 1477 нөміріне хабарласып, жолдауыңызға болады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp