2 часа назад

Қазақстанда 300 мың педагог жасанды интелектіні меңгерді

300 мың мұғалім «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында білімін жетілдірді.

Қазақстанда 300 мың педагог жасанды интелектіні меңгерді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 300 мың мұғалім жасанды интелектіні меңгерді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ұстаздар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында оқыды. Екі ай бойы педагогтер жасанды интеллектінің қыр-сырын меңгерді.

 Бағдарлама халықаралық тәжірибеге негізделіп, қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделе әзірленген. Курстың негізгі мақсаты — педагогтерді заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдануға үйрету және білім беру сапасын арттыру.

—  Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның көмекшісіне айналады. Цифрлық технологияларды меңгерген ұстаз оқу үдерісін жандандырып, уақытын үнемдеп, оқушылардың қызығушылығын арттыра алады, — дейді орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсутова.

Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану дағдыларын меңгерді. Атап айтқанда, оқу материалдарын, тестілерді, иллюстрациялар мен сабақ жоспарларын жылдам әрі сапалы әзірлеуді үйренеді.

Тегін онлайн-бағдарлама «Өрлеу» платформасында орналастырылған және Қазақстандағы барлық педагогтер үшін қолжетімді. Қатысушылар оқу материалдарын өздеріне ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты аяқтағаны туралы куәлік ала алады.

Курсқа қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркелу қажет.

200 мың қазақстандық ұстаз жасанды интеллектіні меңгерген

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp